Главная страницаНаписать письмо

Бүгін: 09.02.2010

 

Негізгі парақ - Аумақтық бөлімшелер - Облыстық прокуратуралары - Ақтөбе - Жаңалықтар

Прокурордың наразылығы бойынша, іс-әрекет құрамында құқықбұзушылық болмауына байланысты, әкімшілік іс өндірісі қысқартылды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуроры сот актілерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында С.Ч.Клюмованы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 532-бабы, 2-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы аудандық сотының заңсыз қаулысына наразылық келтірді.

Мәселен, Хромтау ауданының салық басқармасы ҚР ӘҚБтК-нің 532-бабы, 2-бөлігінде қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамада қарастырылған қаржылық бақылау шараларын бұзу түріндегі құқық бұзушылық жасағаны үшін «Хромтау аудандық Әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы С.Ч.Клюмоваға қатысты хаттама жасалды. Атап айтқанда, С.Ч.Клюмованың 2008 жылғы жылдық табыс пен мүлік туралы салық басқармасына ұсынған декларациясында жылдық табыс сомасы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақысы көрсетілмей берілген. Сот осы іс-әрекеттері үшін С.Ч.Клюмованы жалпы сомасы 64 800 теңге айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 144-бабының, 1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет қаржыларының есебінен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен анықталған мөлшерде төленетін адрестік әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар салық салуға жатпайды. Жоғарыда аталған салық заңнамасы ережесіне сәйкес мемлекеттік бюджет қаржыларының есебінен мемлекеттік жәрдемақы түрінде алынған жеке тұлғаның табысы салық салу объектісі болып табылмайды, сондықтан салық салу объектісі болып табылатын табыс, мүлік туралы декларацияда көрсетуге жатпайды.

Ақтөбе облыстық сотының ұйғарымымен С.Ч.Клюмованы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 532-бабы, 2-бөлігі бойынша жауаптылыққа тарту жөніндегі Хромтау аудандық сотының заңсыз қаулысы бұзылды. С.Ч.Клюмованың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс өндірісі қысқартылды.

16.11.2009

[ Бөлімдегі барлық материалдар ]

 


Прокурорлық қадағалаудың қай бағытына баса назар аударған жөн?

Сот актілерінің заңдылығына;
Сот актілерінің орындалу заңдылығына;
Тергеу және анықтау заңдылығына (ІІМ, ҰҚК, Қаржы полициясы агенттігі және т.б.);
Жедел-іздестіру әрекеттерінің заңдылығына;
Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылыққа (үкімет, министрліктер мен ведомстволар);
Сотталғандарға тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығына;
Жергілікті атқару органдарының қызметінің заңдылығына (әкімдіктер);
Мемлекеттік айыптауды жүзеге асыруға.

Сіз, біздің сайтымыздығы жаңалықтар және басқада ақпараттық таралымдарға жазылуыңызға болады.

Жазылу

ҚР Президентін сайлау жөніндегі материалдар жаңалықтар мұрағатына салынды.


Басқа сiлтемелер

GISMETEO.RU: погода в г. Астана

 

© Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, 2006-2009
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сейфуллин к., 37