|
|
 |
Негізгі парақ
- Жаңалықтар мұрағаты - 2006 жыл
Жазасын алдыАлматы қалалық соты азамат М.Илимахуновтың Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 237-бап, 125-бап, 324-бап және 96 бап бойынша қаралған қылмыстарды жасаған iсiн қарады.
Осы қылмыстық әрекеттердiң бел ортасында жүрiп, оған бастан-аяқ араласқан қауiптi қылмыскер Р.Юсупов бой тасалап үлгердi. Оған iздеу жариялануына байланысты бұл қылмыстық iстi бөлек қарау ұйғарылды.
Ал, айыпталушы М.Илимахунов сотта өз кiнәсiн толық мойнына алумен қатар оны жасағанына қатты өкiнiш бiлдiрдi. Сондықтан сот жаза тағайындау кезiнде М.Илимахуновтың жасаған қылмысын толық мойнына алғанын, сонымен бiрге алдын ала тергеу органдарына Алматы қаласында лаңкестiк жасауға әзiрленiп жатқан адамдарды әшкерелеуге көмектескенiн ескердi. Сот М.Илимахуновты 12 жыл мерзiмге бас еркiнен айыруға жазалады және мүлкiн тәркiледi. Ол жазасын түзеу колониясының қатал тәртiбiнде өтейтiн болды.
– Жастар арасында ұйымдасқан топ болып қарулы қарақшылық шабуыл жасау айықпас дертке айналып барады. Сондықтан оларға ауыр жаза тағайындау қажет,- дейдi мемлекеттiк айыптаушы, аға прокурор Г. Нұрымбетова, - Олай болмайынша қоғам мен жеке адамдардың өмiрiне қарсы қылмыстар өрши бередi. Қылмыстың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес шараларын барынша жандандыру керек.
23.10.2006 [ Бөлімдегі барлық материалдар ]
|
 |
|