|
|
 |
Негізгі парақ
- Жаңалықтар мұрағаты - 2006 жыл
КЕДЕН ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫАқмола облыстық прокуратурасы Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызметінің заңдылығына тексеріс жүргізу нәтижесінде заң бұзушылық фактілері айқындалды.
Ақмола облысы бойынша КБД бас маманы Б.Көкішев өз міндеттерін жауапсыздықпен атқарудың нәтижесінде кедендік төлемді кемітіп көрсетуден және тиесінше нұсқалған төлемнің түспеуі салдарынан мемлекетке 9 757 521,9 сомасында залал келтіріп, ол заңмен қорғалған мемлекет мүддесінің бұзылуына әкеліп соқтықтырған.
Бұл фактіге байланысты облыстық прокуратура Көкішев Бекболат Ермұқанұлына қатысты ҚР ҚК 316-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, бұл іс алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департеменке жолданды.
27.10.2006 [ Бөлімдегі барлық материалдар ]
|
 |
|