Главная страницаНаписать письмо

Бүгін: 09.02.2010

 

Негізгі парақ - Мақалалар. Шолулар. Сараптамалар - 2006 жыл

Прокуратура поштасынан АҚ ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРГЕН

Алматы қалалық прокуратурасына күн сайын хаттар легi тасқындап келiп жатады. Олардың мазмұны әртүрлi. Көбiсi құқық тәртiбi мен заңдылықтың сақталмауын сөз етедi, басқа да қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою үшiн тиiстi шаралардың жеткiлiктi дәрежеде жүргiзiлмей отырғандығын баяндайды, оған прокурорлық араласуды сұрайды. Жыл басынан берi қалалық прокуратураға азаматтар мен заңды тұлғалардан мәнi бойынша шешудi сұраған 5523 арыз түстi, одан басқа 828 азамат және 59 заңды тұлға тек қала прокуроры Ж.Байтұқбаевтың жеке қабылдауында болды.

Мына хаттың басқадан мазмұны бөлек. «Құрметтi Ж.Байтұқбаев мырза, - деп бастапты алғашқы жолын қала тұрғыны А.Пак, - Сiзге М.Омаровтың алаяқтығы жөнiнде қылмыстық iс қозғап көмектескенiңiз үшiн ақ жүрегiммен алғыс айтамын…».

Тарқатып айтар болсақ, бұл iстiң төркiнi тым тереңде жатыр. Азамат А.Пак БМВх5 жеңiл көлiк сатып алады және оны өзiнiң танысы М.Омаровқа техникалық қызмет көрсету стансасына жөндеу үшiн апарып қоюға құжатымен қоса бередi. Ал, М.Омаров болса иесiнiң жоқтығын пайдаланып сыртынан жалған қол қойып және көлiктi сатуға сенiм хат жасап сатып жiбередi.

Бұдан соң А.Пак болған оқиғаны баяндап Алматы қалалық iшкi iстер департаментiне, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiне шағымданады, бiрақ ешқандай нәтиже шықпайды. Қалалық прокуратура материалдарды зерделегенде департаменттiң тергеу басқармасының тергеушiсi Д.Кенжалиннiң тергеу нәтижелерi бойынша М.Омаров жөнiнде құрамында қылмыс белгiлерi болмағандықтан қылмыстық iс қозғаудан бас тартқаны анықталды. М.Омаровтың басқа әрекетiнде осындай әдiстермен екi көлiк иесiнiң қымбат бағалы жеңiл көлiктерiн сатып жiберiп зардап шектiргенiне қарамаған. Сондықтан прокурор тергеушiнiң қаулысының күшiн жойды және М.Омаровтың әрекетiндегi iрi көлемдегi алаяқтық айғақтар бойынша қылмыстық iс қозғады. Бiрақ, кәнiгi алаяқ жасырынып үлгердi. Осыған байланысты М.Омаров жөнiнде iздеу жарияланды.

Екiншi бiр хаттың мазмұны одан өзгеше. Қаладағы «Достық» кооперативiнiң заңгерi И.Макарова прокуратураға арыз жолдапты. Ол бiр жарым жылдан берi пәтер иесi А.Емельяновадан 262 898 теңге залалды кооперативке өндiру туралы сот шешiмiн сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң орындауына қол жеткiзе алмай жүргенiне қатты қынжылады. Тек қалалық прокуратураның қызметкерлерi Д.Тiлеубаев пен Е.Дәулетбаевтың араласуынан кейiн ғана сот шешiмiн орындау мүмкiн болды. Ал, Медеу аумақтық учаскесiнiң аға сот орындау-шысы прокурор ұсынысын қарауды тиiстi орындамағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. И.Макарова болса былай деп жазған: «прокуратура қызметкерлерi құқық тәртiбiн қамтамасыз ету iсiнде бiздiң мемлекетiмiздiң тiрегi, мақтанышы әрi абыройы болып отыр. Мiне, сондықтан да мұндай қарымы қабiлеттi мамандар прокуратураның мәртебесiн көтерiп келедi. Бiз оларға әрдайым риза болып, шын көңiлден алғыс айтамыз».

Зейнеткер, жазушы Тоқмурзин Құрал да қала прокурорына жазған хатында өзiне бiлiктi кеңес берген қала прокурорының көмекшiсi Саида Халиковаға алғыс айтып, талап арызының Медеу аудандық сотында оң шешiмiн тапқанын мәлiмдеген. Осындай хат 1 топтағы мүгедек Л.Кутюковадан да келдi. Ол: «прокуратура көмегiмен қысқа мерзiм iшiнде бұрынғы «Ақ жол» акционерлiк қоғамынан денсаулығыма келтiрген залалды өндiрiп алдым, сол үшiн Түрксiб ауданы прокурорының көмекшiсi Е.Күлметовке рахмет айтамын. Оның кiшiпейiлдiгiне, адам тағдырына сергек қарағанына риза болдым» деп жазыпты.

Азаматтардың және заңды тұлғалардың заңсыз әрекеттерге, өзге де құқық бұзушылыққа байланысты арыз-шағымдары негiзiнде прокуратура тарапынан қолданылған шұғыл шаралар жұртшылық көңiлiнен шығып отыр. Сондықтан шын пейiл бiлдiрген алғыс хаттарды прокуратура поштасынан күн сайын көруге болады.


Итен Қарымсақұлы,
Алматы қалалық прокуратурасының
баспасөз хатшысы

23.11.2006

[ Бөлімдегі барлық материалдар ]

 


Прокурорлық қадағалаудың қай бағытына баса назар аударған жөн?

Сот актілерінің заңдылығына;
Сот актілерінің орындалу заңдылығына;
Тергеу және анықтау заңдылығына (ІІМ, ҰҚК, Қаржы полициясы агенттігі және т.б.);
Жедел-іздестіру әрекеттерінің заңдылығына;
Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылыққа (үкімет, министрліктер мен ведомстволар);
Сотталғандарға тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығына;
Жергілікті атқару органдарының қызметінің заңдылығына (әкімдіктер);
Мемлекеттік айыптауды жүзеге асыруға.

Сіз, біздің сайтымыздығы жаңалықтар және басқада ақпараттық таралымдарға жазылуыңызға болады.

Жазылу

ҚР Президентін сайлау жөніндегі материалдар жаңалықтар мұрағатына салынды.


Басқа сiлтемелер

GISMETEO.RU: погода в г. Астана

 

© Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, 2006-2009
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сейфуллин к., 37